Индонезияның Папуа уәлаятында сел апатында қаза тапқандар саны 112 адамға көбейді

Аймақтағы апатта 107 кісі ауыр, жалпы 915 адам да жарақаттанды, 94 кісі із-түссіз кетті.

1169671
Индонезияның Папуа уәлаятында сел апатында қаза тапқандар саны 112 адамға көбейді

Индонезияның шығысындағы Папуа уәлаятында 16 нарызда болған сел апатында қаза тапқандар саны 112 адамға көбейді.

Ұлттық Апатты басқару агенттігінің мәлімдемешісі Суторо Пурво Нугрохо уәлаят астанасы Джаяпурада  нөсерлі жаңбыр себеп болған сел мен көшкін салдарынан қаза тапқан адам санының 112-ге ұласқанын жариялады.

Аймақтағы апатта 107 кісі ауыр, жалпы 915 адамның да жарақат алғанын білдірген Нугрохо 94 кісінің де із-түссіз кеткенін жеткізді.

Нугрохо сел апатынан 16 мың 783 кісінің болымсыз әсерге ұшырағанына назар аударып, 3 мың 876 кісінің де 33 түйінде қауіпсіз алаңдарға көшірілгенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар