Пәкістанда жолаушы пойызына бомбалы шабуыл

Жолаушы пойызын нысанаға алған шабуылда 4 адам қаза тапты, 6 адам жарақат алды.

1165138
Пәкістанда жолаушы пойызына бомбалы шабуыл

Пәкістанның Белуджистан уәлаятында жолаушы пойызын нысанаға алған бомбалы шабуылда 4 адам қаза тапты, 6 адам да жарақат алды.

Белуджистан уәлаятының Дера Мурад Жамали аймағында теміржолға орналастырылған бомба Равалпиндиден Кетта қаласына бара жатқан пойыз өткен кезде жарылды.

Шабуылда араларында бір ана мен қызы да бар 4 адам қаза тапты, 6 адам жарақат алды. Жарылыста темір жолға зиян келді.



Ұқсас жаңалықтар