Америка Құрама Штаттарының 2018 Адам Құқықтары рапорты жарияланды

Рапорт ішінде орын алмаған оқиғалармен күн тәртіпке келді.

1163743
Америка Құрама Штаттарының 2018 Адам Құқықтары рапорты жарияланды

Америка Құрама Штаттары жариялаған 2018 Адам Құқығы рапортының Сауд Арабиясының  журналисті Джемал Кашыкчы қастандығына байланысты бөлімінде Мұрагер Ханзада Мұхаммед Бин Селманның атының орын алмағаны назар аударды.

Америка Құрама Штаттарының 2018 Адам Құқығы рапорты жарияланды.

Алайда рапорт ішінде орын алмаған оқиғалармен күн тәртіпке келді.

Рапортта әсіресе 2018 жылдың 2 қазанында Стамбулдағы Сауд Арабиясының Бас консулдығында қастандықпен өлтірілген Джемал Кашыкчыға байланысты бөлімде Мұрагер Ханзада Мұхаммед Бин Селманның атының орын алмауы наразылық қозғады.

АҚШ Хабар алу ұйымдары болса қастандықта Бин Салманның ролі болғанына байланысты анықтамалар жасаған болатын.

Екінші бір назар аударған тақырып - Палестина мәселесі.

Бұрынғы рапорттарда Шығыс Иерусалимнен сөз қозғалғанда "Израильбасып алған аймақ" деп жазылатын.

Биылғы рапортта бұл сөздің жазылмауы да назар аударды.

Газа мен Батыс Шерияға байланысты да ұқсас тұғыр көрсетілді, "басқыншылық"  сөзі мұнда да қолданылмады.

Рапортта бөлшектеуші террористтік ұйым ИПГ/ПКК-ның Сирияда халыққа бағытталған қысымы мен күш қолдануы тұңғыш рет орын иеледі. 

Террористтік ұйымның балаларды күшпен қару атына алғаны, қарсыластарды қинағаны және  заңсыз адам өлтіргені дәріптелді.  



Ұқсас жаңалықтар