Еуроодақ Венесуэлаға әртүрлі әскери операцияға қарсы

ЕО Сыртқы қатынастар жоғары өкілі Федерика Могарини БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Венесуэлаға әскери операцияны қолдамағандарын білдірді.

1162339
Еуроодақ Венесуэлаға әртүрлі әскери операцияға қарсы

Еуроодақ ЕО Сыртқы қатынастар және қауіпсіздік саясаты жоғары өкілі Федерика Могарини Венесуэладағы дағдарыспен байланысты «Ел ішінен немесе сыртан жасалатын ешбір әскери операцияны қабылдамаймыз» деді.

Могерини БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде жасаған баяндамада Венесуэлаға қатысты көзқарастарын бөлісті.

Венесуэладағы саяси дағдарысқа бейбітшіл және демократиялық жолмен шешім табу керектігін атап көрсеткен Могерини «Ел ішінен немесе сыртан жасалатын ешбір әскери операцияны қабылдамаймыз» деді.

Могерини елдегі дағдарысқа сырттан күштеп шешім келтірілмеу керектігін де тілге тиек етіп айтты.

Венесуэлада көпшілігі оппозицияның бақылауында болған Ұлттық Мәжіліс төрағасы Хуан Гуаидо қаңтар айында «уақытша мемлекет басшысы ретінде жариялады» және АҚШ-тан бастап, Австралия, Канада, Колумбия, Перу, Эквадор, Парагвай, Бразилия, Чили, Панама, Аргентина, Коста Рика және Гватемала сияқты елдер тарапынан танылды. Еуропа парламенті де осы бағытта шешім қабылдады.

Түркия, Мексика, Ресей, Иран, Куба, Қытай және Боливия болса Венесуэла президенті Николас Мадуро үкіметін қолдағандарын жариялады. Мадуро болса жаңалықтардың артынан АҚШ-пен дипломатиялық және саяси қарым-қатынастарды үзгенін, бірақ сауда ынтымақтастығының жалғасатынын білдірді.

АҚШ президенті Дональд Трамп да жаңалықтардың артынан Венесуэлаға әскер жіберуді ықтималдардың бірі ретінде ұсынды.



Ұқсас жаңалықтар