Урал Әуе жолдары ұшағы бомба күдігі себепті Бакуге шұғыл қонды

Ұшақта экипажды қамтыған 225 адам бар еді.

1161372
Урал Әуе жолдары ұшағы бомба күдігі себепті Бакуге шұғыл қонды

Орыс Урал Әуе жолдарына қарасты жолаушы ұшағы бомба күдігі себепті Әзірбайжанның астанасы Бакуге шұғыл қонды. 

Әзірбайжан Әуе Жолдарынан жасалған мәлемдемеге қарағанда Бахрейннен Мәскеуге беталып ұшқан Урал Әуе жолдарына қарасты Airbus A321 жолаушы ұшағы жергілікті сағат 14.56-да Баку Гайдар Әлиев Әуежайына шұғыл қонған.

Мәлімдемеде "Ұшақ ұшқыштың ұшақта бомба болуынан күдіктенуі себепті шұғыл қонды. Әуежайдағы барлық төтенше жағдай мен құтқару қызметтері аттанысқа келді және дайындықтар жасалды. Ұшақта экипажды қамтыған 225 адам бар еді. Ұшқыш жолаушыларды босату жөнінде шешім жасады" делінді.  

Оқиғаға байланысты қосымша мәлімдемелер жасалатыны білдірілді. 


Этикеттер: #Ресей , #Орыс , #ұшақ , #ұшқыш

Ұқсас жаңалықтар