Тунисте сайлау күндері белгілі болды

Төтенше жағдай тағы бір айға созылды.

1158642
Тунисте сайлау күндері белгілі болды

Тунисте жалпыхалықтық сайлау 6 қазанда,  президенттік сайлау болса 10 қараша күні болады.

Тәуелсіз Жоғары сайлау комитеті төрағасы Небил Бефун Тунистегі баспасөз брифингінде жалпыхалықтық сайлаудың 6 қазан күні,  президенттік сайлаудың 10 қараша күні өткізілетінін білдірді.

Бефун 10 сәуір күнінен бастап сайлаушы тізімдерінің дайындалатынын,  парламент сайлауы үшін кандидаттардың өтінімдерінің 22-29 шілде күндері аралығында қабылданатынын білдірді. Ал президенттік сайлау үшін өтінімдер 27 тамыз және 3 қыркүйек күндері аралығында қабылданады.

Президенттік сайлауда ешбір кандидат 50 пайыздан көп дауыс жинай алмаса,  екі апта ішінде екінші тур ұйымдастырылады.

Араб көктемінің алғашқы жалыны басталған Тунисте 14 қаңтар төңкерісінен кейін алғашқы демократиялық сайлау 2011 жылы болған еді. Артынан 2014 жылы президенттік сайлау болды.

Сонымен қатар Тунис президенті Әл Бажы Каид әс Сибси елде 2015 жылдың қараша айынан бері жүргізілген төтенше жағдайдың тағы бір айға созылуына шешім берді. Осылайша төтенше жағдай 5 сәуір күніне дейін созылды.



Ұқсас жаңалықтар