"АҚШ-тың Түркияға S-400 тақырыбында саяси қысымы әлсіздігін көрсетеді"

Ресей Сыртқы істер министрлігі Қару бақылау бөлімшесі төрағасы Владимир Ермаков мәлімдеме жасады.

1158876
"АҚШ-тың Түркияға S-400 тақырыбында саяси қысымы әлсіздігін көрсетеді"

Ресей Сыртқы істер министрлігі Қару бақылау бөлімшесі төрағасы Владимир Ермаков Вашингтонның Түркияға бағытталған S-400 тапсырыстарына кедергі жасау бастамаларының АҚШ-тың қару нарығындағы әлсіздігін көрсеткенін білдірді.

Ермаков орыс хабар агенттігі РИА Новостиге жасаған мәлімдемесінде Түркиямен жасалған S-400 келісімінің күнтізбеге сәйкес жалғасқанын атап көсетті.

Келісімнің 2019 жылдың соңына дейін аяқталуын жоспарлағандарын түсіндірген Ермаков «Вашингтон аталмыш келісімді бұзу үшін Анкараға жасауға тырысқан қысымды байқаудамыз» деді.

АҚШ-тың бастамаларын жаһандық қару саудасында қарсыласыңа саяси зиян келтіру бастамасы ретінде бағалағанына назар аударған Ермаков «Бұл сондай-ақ ақшамен ең мықты өнімдерін ұсына алмаған АҚШ-тың жаһандық қару нарығындағы тұғырының әлсіздігін көрсетеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар