Афринде бомбалы шабуыл

Африн ауданында екі ауылды бір-бірімен байланыстырған автожолға орналастырған бомба жарылды.

1158890
Афринде бомбалы шабуыл

Сирияның Солтүстік шығысындағы Африн ауданында екі ауылды бір-бірімен байланыстырған автожолға орналастырған бомбаның жарылуы салдарынан аймаққа материалды шығын түсті.

Туранда және Басута ауылдарын бір-бірімен байланыстырған автожолға орналастырылған қолдан жасалған бомбаның жарылуында адам шығыны болмағаны білдірілді.

Оқиға орнында тергеу жұмыстарын жүргізген Еркін Сирия армиясына қарасты қауіпсіздік жасақтары шабуылды YPG/PKK террор ұйымының жасалғаны жөнінде ықтималды алға тартады.

Африндегі бір даңғылда 21 ақпан күні бомба тиелген көлікпен жасалған шабуылда 1 бала қаза тауып, 20 жазықсыз адам жарақат алған болатын.

Алдынғы күні болса Сирияның солтүстігінде оппозицияның бақылауындағы Әл-Баб аудан орталығындағы бір көшеде аялдаған бомба тиелген мотоцикл жарылып, 8 жазықсыз адам жарақат алған еді.



Ұқсас жаңалықтар