Венесуэлада 9 наурыз күні үлкен шеру болып өтпек

Венесуэлада 9 наурыз күні оппозиционерлер сияқты үкімет жақтастары да шеруге шығады.

1157728
Венесуэлада 9 наурыз күні үлкен шеру болып өтпек

Президент Николас Мадуро оппозициядағы Ұлттық Мәжіліс төрағасы Хуан Гуаидоның жақтастарын шеруге шақыруының артынан сенбі күні үкімет жақтастарын үлкен шеруге шақырды.

Бұрынғы мемлекет басшысы Уго Чавездің дүниеден озуының 6-шы жылдығына орай бас қала Каракаста ұйымдастырылған іс-шарада сөйлеген Мадуро бұрынғы президенті Барак Обаманың 2015 жылы 9 наурыз күні Венесуэланы АҚШ-қа қарсы ұлттық қауіп деп жариялаған заңнамаға қол қойғанын еске салды.

Мадуро аталмыш оқиғаны «Боливаршыл анти империалист күн» ретінде бағалағандарын атап, «сенбі күні біз де көшеге шығамыз» деді.

Венесуэлалық әйелдерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай жұма күні көшеге шығуға шақырған Мадуро сондай-ақ сол күні маңызды мәлімдемелер жасайтынын да атап көрсетті.

22 ақпанда Венесуэладан шыққан және алдынғы күні еркін түрде Венесуэлаға оралған соң Каракаста ұйымдастырған митингте жақтастарымен кездескен Гуаидо болса кейбір кәсіподақ өкілдерімен бас қосты.

Бас қала Каракастағы бір білім беру мекемесінде жүзеге асқан кездесуде Гуаидо қоғамдық қызметкерлердің кәсіподақтарының «ықпалды бір шеру» өткізетінін жариялады.

Гуаидо шерудің күнін кәсіподақтар тарапынан жарияланатыны және ұсынысты кәсіподақтардың жасағанын жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар