Иран Сыртқы істер министрлігі Асадтың сапары жайлы мәлімдеме жасады

Иран Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Сирия режимі басшысы Башар Асадтың Тегеран сапарынан бейхабар екендерін мәлімдеді.

1157120
Иран Сыртқы істер министрлігі Асадтың сапары жайлы мәлімдеме жасады

Касыми Сыртқы істер министрлігі ресми интернет парақшасынан Асадтың сапарымен байланысты жазбаша мәлімдемеде министрлікке осы кездесу жайлы ешқандай ақпарат бөлісілмегенін атап сынға алды.

Мәлімдемесінде Сыртқы істер министрі Мұхаммед Зариф және кейбір дипломаттарға осы сапар жайлы мағлұмат беруге болатынын ескерткен Касыми «Сыртқы істер министрлігіне осы сапардың ешбір сатысы хабарланған жоқ» деді.

Касыми Зарифтің отставкаға кету талабының осы екені жайлы қауесеттер мен байланысты «Зарифтің отставкаға кету талабына себептердің бірі осындай координациялық кемшіліктер» деді.

Иран Сыртқы істер министрі Зариф 25 ақпан күні әлеуметтік медиа парақшасы арқылы жасаған мәлімдемеде отставкаға кеткенін жариялаған еді. Отставкаға кету талабы Хасан Рухани тарапынан қабылданбаған Зариф 27 ақпан күні Иранға ресми сапармен барған Армения премьер-министрі Николь Пашинян үшін ұйымдастырылған ресми қарсы алу рәсіміне қатысқан болатын.

Зарифтің Сирия режимі басшысы Башар Асадтың 25 ақпан күні кешкі уақытта Иранның діни басшысы Али Хаманей және елбасы Хасан Руханимен басқосып, халықаралық баспасөзге фотосуреттері тараған соң аталмыш кездесу жайлы өзіне хабар берілмегені себепті отставкаға кеткені алға тартылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар