Эбола ауруында көз жұмғандардың саны 496-ға ұласты

Конго Демократиялық Республикасында Эбола ауруы салдарынан көз жұмғандардың саны 496-ға ұласты.

1156254
Эбола ауруында көз жұмғандардың саны 496-ға ұласты

Эбола ауруында көз жұмғандардың саны 496-ға ұласты.

Конго Демократиялық Республикасында шілде аяғында басталған және ел тарихының ең қауіпті жұқпалы Эбола ауруында көз жұмғандардың саны 496-ға ұласты.

Денсаулық сақтау министрлігінің санақтарына қарағанда Эбола ауруы Солтүстік Киви провинциясында басталып, Итури провинциясына тарады. Эболамен науқастанған  адам саны  894-ке шықты.

Эбола ауруы салдарынан 496 адам көз жұмды, 31 адам емделіп жатыр.

Вирус шұққан 302 адам болса әбден сауығып кетті.

Эбола вирусы 2013 жылы желтоқсан айында Батыс Африкада тараған болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар