Ауғанстандағы су тасқынында 20 адам қаза тапты

Кандахар губернаторлығы Аргандап ауданында су тасқыны себепті 500 жанұяның құтқару топтарын күткені, жедел жәрдемдердің аймаққа жіберілу керектігі атап көрсетілді.

1155731
Ауғанстандағы су тасқынында 20 адам қаза тапты

Ауғанстанның Кандахар уәлаятында болған су тасқынында 20 адам қаза тапты.

Кандахар губернаторлығы мәлімдемесінде аймақ бойынша бірнеше күннен бері жалғасқан нөсер жауын су тасқынына себеп болғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде су тасқыны салдарынан 18 адамның жарақат алғаны білдірілді.

Су тасқыны себепті 2000 үйге зиян келгені атап көрсетілген мәлімдемеде жүздеген адамның тікұшақтармен құтқарылғаны мәлімденді.

Губернаторлық мәлімдемесінде жүздеген мал қырылған су тасқыны салдарынан кейбір ауылдармен көлік қатынасының тоқтағаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар