АҚШ ДАИШ-ті жеңді

Трамп «ДАИШ-тің қолындағы территорияның барлығын қайтарып алдық» деді.

1154907
АҚШ ДАИШ-ті жеңді

Трамп «ДАИШ-тің қолындағы территорияның барлығын қайтарып алдық» деді.

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп Сирияда террор ұйымы ДАИШ-пен күресуде жеңіске қол жеткізгендерін білдіріп, «ДАИШ-тің қолындағы территорияның барлығын қайтарып алдық» деді.

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынмен Вьетнамда өткізген кездесуден кейін қайтарда Аляскаға аялдаған Трамп бұл жердегі «Элмендорф» әуе күштері базасындағы Америка әскерлеріне үн қатты.

Желтоқсан айында ДАИШ-ті жеңгендерін және бұдан кейін Америка әскерлерінің еліне қайтатынын хабарлаған Трамп Сирияда ДАИШ-ке қарсы үлкен жеңістерге қол жеткізгендерін пайымдады.

АҚШ Президенті  Трамп 2018 жылы 20 желтоқсанда АҚШ әскерлерінің Сириядан кетуі тақырыбында «Сол жерде болуымыздың жалғыз себебі ДАИШ еді. Енді ДАИШ-ті жеңдік» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар