Үндістанда әскери тікұшақ құлады

Джамму Кашмирдегі әскери тікұшақ апатында 7 адам қаза тапты.

1154331
Үндістанда әскери тікұшақ құлады

Үндістанның бақылауындағы Джамму Кашмир аймағында Үндістанға тиесілі бір әскери тікұшақтың құлауы салдарынан 7 адам қаза тапты.

Үндістан баспасөзі Джамму Кашмирде азанғы уақытта «MI-17» типі әскери тікұшағының құлағанын жариялады.

Лауазымдылар оқиғада 6 әуе күштері қызметкері мен бір жазықсыз адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Тікұшақтың құлау себебі жайлы мәлімдеме жасалмады.



Ұқсас жаңалықтар