Малайзиядан Пәкістан мен Үндістанға келіссөз шақыруы

Малайзия араларында саяси дағдарыс шыққан Пәкістан мен Үндістанды мәселелерді келіссөз арқылы шешуге шақырды.

1154175
Малайзиядан Пәкістан мен Үндістанға келіссөз шақыруы

Малайзия Сыртқы істер министрлігі екі ел арасында артып отырған дағдарыстың алаңдатқанын атап, «Тараптарды тыныштық пен екі жақты келіссөздерді бастауға шақырамыз» делінді.

Малайзия әр екі елмен де тығыз ынтымақтастық жүргізгенін еске салған мәлімдемеде «Малайзия көптеген ел сияқты бейбітшіл және тұрақты бір халықаралық тәртіп құруды нысанаға алады» деді.

Мәлімдемеде Малайзия азаматтары Пәкістан мен Үндістанға саяхаттарын кейінге қалдыруға шақырылды.

Үндістан мен Пәкістан арасындағы соңғы дағдарыс Кашмирдің Үндістан басқармасындағы бөліміне 14 ақпанда полиция ұйымына қарасты қарулы күштерге жасалған және 44 адам қаза тапқан бомбалы шабуылмен басталды.

Жаңа Дели әкімшілігі шабуылмен байланысты Пәкістанды айыптады. Пәкістан болса айыптауларды мойындамады.

Жаңалықтардың артынан Пәкістан барлық әуе кеңістіктерін жапса Үндістан кейбір әуежайларды ұшуға жапты.

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан Үндістанды мәселелерді диалог арқылы шешуге шақырды.



Ұқсас жаңалықтар