НАТО-ның әскери жаттығуы басталды

НАТО-ның «Dynamic Manta-2019» атты әскери жаттығуы кеше басталды.

1152983
НАТО-ның әскери жаттығуы басталды

НАТО-ның «Dynamic Manta-2019» атты әскери жаттығуы кеше басталды.

Италияның Теңіз күштерінің үй иелігінде ұйымдастырылған әскери жаттығуға НАТО мүшесі Түркия, Канада, Франция, Германия, Грекия, Италия, Голландия, Испания, Ұлыбритания және АҚШ-тан 3 мыңнан астам теңіз және әуе қызметкерлері қатысуда.

Жаттығу Жерорта теңіз, Эгей және Қаратеңізде аймақ елдері арасындағы ынтымақтастықты дамыту және теңіз қауіпсіздігін орнату, ортақ теңіз машықтануын жүзеге асыру және НАТО-ның әскери күшін көрсетуді көздеуде.

НАТО-ның әскери жаттығуына ең көп қолдау көрсеткен күштер арасында орын алған Түркия «Dynamic Manta-2019» атты әскери жаттығуында да күштілігін  сездіруде.



Ұқсас жаңалықтар