Мадуроны Каддафидің өлтірілген қанды фотосуретімен қорқытты

Флорида сенаторы Марко Рубионың жеке парақшасынан жариялаған соңғы фотосуреті наразылықтарға жол ашты.

1152028
Мадуроны Каддафидің өлтірілген қанды фотосуретімен қорқытты
Marco Rubio- kaddafi.jpg

АҚШ-тық Республикашыл сенатор Марко Рубионың Twitter арқылы Ливияның өлтірілген бұрынғы мемлекет басшысы Муаммер Каддафидің фотосуреттерін жариялауы Венесуэла президенті Николас Мадуроға қарсы «ашық қорқыту» деп пайымдалды.

Венесуэла оппозициясына қолдауымен белгілі Флорида сенаторы Рубио жеке парақшасынан жасаған соңғы мәлімдеме наразылықтарға жол ашты.

Рубио Ливияның бұрынғы мемлекет басшысы Каддафидің билігі кезеңінде түсірілген бір фотосуреті мен елде Араб көктемінен кейінгі өлтірілген қанды фотосуретін бөлісті.

Рубио кезкелген мәлімдеме жасамаса да осы фотосуреттің Twitter қолданушылар тарапынан Венесуэла президенті Николас Мадуроға қарсы «ашық қорқыту» ретінде пайымдалды.



Ұқсас жаңалықтар