Грекияда H1N1 вирусынан 74 адам қайтыс болды

Розенберг вакцина егуді және мәжбүр болмаған жағдайда далаға шықпауды ескертті

1150582
Грекияда H1N1 вирусынан 74 адам қайтыс болды

Грекияда жылдың басынан бері  H1N1 вирусы себеп болған тұмаудан қайтыс болғандар саны 74 кісіге көбейді. 

Грекия Науқастарды Бақылау және Алдын алу орталығынан KEELPNO жасалған мәлімдемеде соңғы бір апта ішінде жедел құтқару бөлімдерінде емделген 18 адамның  қайтыс болуымен жалпы қайтыс болған адам санының 74 кісіге көбейгені білдірілді.

Тұмаудан қайтыс болғандардың орташа жас шамасы 68 болғаны білдірілген мәлімдемеде қайтыс болғандардың 49-ы ер адам, 25-і әйелдер екені хабарланды.

Мәлімдемеде денсаулық орталықтарына емделуге келген және тұмауы ауыр болған 274 кісінің 264-інің жедел құтқару бөлімдерінде емделіп жатқаны білдірілді.

Грекия Науқастарды Бақылау және Алдын алу орталығы KEELPNO төрағасы Теофилос Розенберг тұмаудың әлі ең жоғары өреге жетпегенін, алдағы күндерде адам шығынының арту мүмкіндігі бар екенін атап көрсетті.

Розенберг вакцина еккізуді және мәжбүр болмаған жағдайда далаға шықпауды ескертті.



Ұқсас жаңалықтар