Афринде бомба тиелген көлік жарылды

Африндегі шабуылда бір бейуаз азамат қаза тапты, 10 азамат жараланды.

1150223
Афринде бомба тиелген көлік жарылды

Сирияның солтүстік батысындағы Африн ауданындағы тұрғындар өте тығыз тұратын бір көшесінде бомба тиелген көліктің жарылуы салдарынан  алғашқы санаққа қарағанда бір бейуаз азамат қаза тапқан, 10 азамат жараланған. 

Виллалар көшесінде болған бомбалы көлікпен шабуылда қаза тапқан және жараланған адам саны артуы мүмкін көрінеді.

Африндегі қауіпсіздік хабар көздері шабуылдың террористік ұйымдар ИПГ/ПКК тарапынан жасалған болуы мүмкін екенін білдірді.

Африннің оңтүстік шығысындағы Тел Рыфат ауданын жаулап алған террористік ұйымдар ИПГ/ПКК осы жерден және Африн ішіндегі жасырын мекендерінен Афринді нысанаға алған шабуылдарын жалғастыруда.

Еркін Сирия Армиясына қарасты қауіпсіздік күштері жасақтары Түрік армиясының қолдауымен Африндегі террористік ұйымдар ИПГ/ПКК жаулап алуын аяқтатқан 2018 жылы март айынан бері амандықты бекемдеу жұмыстарын жалғастырып келеді.  



Ұқсас жаңалықтар