Моралес Трамптың Венесуэлаға әскери килігуге дайындалғанын пайымдады

Трамп "Венесуэлаға әскер жолдау" талғамдарының бірі екенін білдірген болатын.

1149402
Моралес Трамптың Венесуэлаға әскери килігуге дайындалғанын пайымдады

Боливия президенті Эво Моралес Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамптың Венесуэлаға әскери килігу үшін дайындалып жатқанын пайымдады.

Боливия президенті Эво Моралес Твиттер есебінен жасаған мәлімдемесінде Америка Құрама Штаттарының Венесуэлаға бағыттаған әскери шабуылдарын тоқтатуға ант ішкендерін білдіріп:

"Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп Венесуэлаға жасаған экономикалық шабуылдарынан кейін, енді міне, әскери килігу үшін дайындалып жатыр" деп көрсетті.

 Моралес Трамптың соғысқа итермелейтін бір кісі екенін білдіріп, Венесуэлада туылатын күйрету мен өлімдерге жауапкер болатынын атап көрсетті.

Венесуэлада Ұлттық Мәжіліс төрағасы Хуан Гуаидо өзін "Уақытша мемлекет басшысы" деп жариялаған және АҚШ-ты қамтыған көптеген ел де таныған болатын.

 Түркия, Ресей, Қытай сияқты көптеген ел Венесуэла президенті Николас Мадуроға қолдауын қайталаған еді.

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп "Венесуэлаға әскер жолдау" талғамдарының бірі екенін білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар