Дакка қаласындағы өрттен 69 адам қаза тапты

Бангладеш астанасы Дакка қаласында  тарихи ғимараттар болған аймақта  өрт шықты.

1149427
Дакка қаласындағы өрттен 69 адам қаза тапты

Дакка қаласындағы өрттен 69 адам қаза тапты.

Бангладеш астанасы Дакка қаласында  тарихи ғимараттар болған аймақта  өрт шықты. Алапат өрттен алғашқы белгілеуге қарағанда 69 адам ажал құшты.

Бангладеш өрт сөндіру қызметінің басшысы Әли Ахмедтің айтуынша, тілсіз жауға тұрмыстық газ баллонының жарылуы себеп болуы мүмкін. Дакканың тұрғындары өте тығыз тұрады. Көп ғасырлық тарихы бар Чавкбазар ауданының көшелері тар, ал ғимараттар бір-біріне жақын орналасқан. Сондықтан өрт шыққан кезде бірден кептеліс болып, көршілес ғимараттарды да жалын шарпыған. Қазір өрт ауыздықталып, жағдай бақылауға алынды.

Өрт сөндіру қызметкері Махфуз Рибен үйлер, дүкендер және қоймалар орын алған ғимараттар мен тар көшелер түйіліскен жерде шыққан өрттен кем дегенде 69 адамның қаза  тапқанын мәлімдеді.


Этикеттер: #Бангладеш , #өрт , #Дакка

Ұқсас жаңалықтар