Владимир Путин Иранға алғысын жеткізді

Ресей басшысы Сочиде Иран өкілдерімен кездесті.

1145597
Владимир Путин Иранға алғысын жеткізді

Ресей президенті Владимир Путин  Иранға Сирия дағдарысының шешіміне есе қосқаны үшін алғыс айтатынын білдіріп,

"Иранмен Сирия дағдарысының шешімі мақсатымен жақын жұмыстанудамыз, алайда барлық мәселелер шешілмеді" деп көрсетті.   

Владимир Путин Сочиде ұйымдастырылған төртінші кезекті Үштік Саммит жиналысы аясында Иранмен өткізілетін делегациялар арасындағы кездесу қарсаңында мәлімдеме жасады.

Ресей мен Иран арасындағы ынтымақтастықтың соңғы кезеңде арта бастағанын білдірген Путин "Сирия дағдарысының шешіміне Иранның берген қолдауы үшін алғыс айтамыз. Иранмен Сирия дағдарысының шешімі мақсатымен жақын жұмыстанудамыз, алайда барлық мәселелер әлі шешімін таппады" деді.

Иранмен ортақ ядролық жобаларды дамытуды жалғастыртындарын айтқан Путин: "Бүгінгі жиналысымыздың екі жақтылы қарым-қатынастарымызды тіпті де бекемдей түсуін үміт етеміз" деп баса көрсетті.

Владимир Путин кеше Иранда туылған террорлық шабуылдарға байланысты да көңіл айтты. 



Ұқсас жаңалықтар