Лавров Палестина мәселесінің бейбіт шешілуін қалайтындарын айтты

Сергей Лавров Мәскеуде Палестина Азаттық ұйымы және Исламдық Қарсылық қозғалысы өкілдерімен бас қосты.

1143936
Лавров Палестина мәселесінің бейбіт шешілуін қалайтындарын айтты

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Палестина мәселесінің бейбітшілік ішінде шешімін табуы керектігін білдірді. 

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров астана Мәскеуде Палестина Азаттық ұйымы және Исламдық Қарсылық қозғалысы Хамастың өкілдерімен бас қосты. 

Палестина мәселесінің бейбітшілік ішінде шешімін табуы керектігін дәріптеген Лавров:

"Палестина мен Израиль арасындағы қазіргі жағдай, өкінішке орай, алаң туғызып отыр. Көптеген ел қатарында біз де Палестина мәселесінің Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі мен Жалпы Кеңесінің қағидаларына негізделе отырып, "Араб Одағы талпынысы" түрінде шешілуін қалаймыз" деп көрсетті.

Америка Құрама Штаттарының  Палестинаға байланысты бір жақты ұстанымының ауыр қауіп төндіретініне меңзеген Лавров:

"АҚШ-тың Таяу Шығыс процесіне байланысты ұсынған  "Ғасырлық келісімі"  бүгінге дейін жасалған барлық еңбекті еш қылады" деп атап өтті.  

 



Ұқсас жаңалықтар