Хуан Гуаидо гуманитарлық жәрдемдердің таратылғанын мәлімдеді

Гуаидо бүгін ұйымдастырылатын шеру қарсаңында гуманитарлық жәрдемдердің таратылғанын білдірді.

1143548
Хуан Гуаидо гуманитарлық жәрдемдердің таратылғанын мәлімдеді

Венесуэлада оппозиция басшысы Гуаидо бүгін ұйымдастырылатын шеру қарсаңында витамин мен азық-түлік жәрдемдерін таратқандарын білдірді.

Шамамен 50 ел тарапынан уақытша елбасы ретінде қабылданған Ұлттық Мәжіліс төрағасы Хуан Гуаидо әлеуметтік медиа парақшасынан витамин мен азық-түлік пакеттерін көрсеткен бір бейне көрініс жариялады.

Пакеттер алдында үн қатқан 35 жасар Гуаидо алғашқы гуманитарлық жәрдемдердің таратылғанын атап «Қорғаныссыз тұрғындарға көмектесу мақсатты ұйымдасып, бір гуманитарлық каналдың ашылуын қамтамасыз етуіміз керек» деді.

Нашар тамақтанған жүкті әйелдер мен балалар үшін қолдарында 1 миллион 700 мың пакет бар екенін атап көрсеткен Гуаидо осылардың қалай жиналғаны жайлы мағлұмат бермеді.

Оппозициядағы басшы басқа бір жолдамасында бүгінгі шеруге назар аударып, «Венесуэлалықтар өлім қаупіне душар 300 мыңнан астам венесуэлалық тұрғынды құтқаратын гуманитарлық жәрдемге рұқсат берілуі шақыру тастау үшін шеруге шығады» деді.



Ұқсас жаңалықтар