Африка елдері қақпаларын босқындарға ашты

Гутерреш Африка елдерінің барлық қиыншылықтарына қарамастан қақпаларын босқындарға ашқандарын айтты.

1142340
Африка елдері қақпаларын босқындарға ашты

Африка елдері қақпаларын босқындарға ашты.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутерреш Африка елдерінің барлық қиыншылықтарына қарамастан қақпаларын босқындарға ашқандарын айтты.

Гутерреш Эфиопияның астанасы Аддис-Абебада ұйымдастырылған «Босқындар және амалсыз қоныс аударғандар» атты 32-ші Африка Одағы лидерлер саммитінде сөз сөйледі.

Гутерреш босқындарға қақпаларын жапқан Еуропа елдеріне Африканы еске салды.

Гутерреш «Құрлықтың әлеуметтік, экономикалық және қауіпсіздік қиыншылықтарына қарамастан Африка үкіметтері мен халқы шекараларын және қақпаларын миллиондаған адамға айқара ашты» деді.

БҰҰ мен Африка Одағының алдында үш маңызды мәселенің болғанын білдірген Гутерреш  бұлардың  қауіпсіздік, тұрақты  даму және климат өзгерісі екенін атап өтті.

.



Ұқсас жаңалықтар