Трамп Ким Чен Ынмен екінші рет кездеседі

Трамп кездесудің қайда болатынын жариялады.

1139605
Трамп Ким Чен Ынмен екінші рет кездеседі

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынмен екінші кездесуінің 27-28 ақпан күндері Вьетнамда болатынын жариялады.

Трамп «Одақтың жағдайы» баяндамасын Өкілдер мәжілісінде оқыды.

29 қаңтар күні жоспарланған, алайда федерал үкіметтің жабық болуына байланысты 5 ақпан күніне қалдырылған баяндама оқылған отырысқа АҚШ вице-президенті Майк Пенс пен Өкілдер мәжілісінің басшысы Нэнси Пелоси басшылық жасады.

Отырысқа Трамптың жұбайы Мелания Трамп та қатысты,  сондай-ақ отырысқа елдің түкпір-түкпірінен шақырылған тұлғалар да келді.

Трамп осындағы сөзінде Солтүстік Корея басшысы Киммен екінші кездесуінің Вьетнамда 27-28 ақпан күндері болатынын жариялады.

Трамп Корея түбегінде дипломатиялық шешім үшін жұмыстанғандарын айтты. «Кепілдікке алынғандар үйге оралды, ядролық сынақтар тоқтады және 15 айдан бері жаңа сынақ жасалмады. Егер мен президент болмағанда Солтүстік Кореямен соғыс ықтималы болар еді» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар