Ирандықтар мінген автобусқа Иракта бомбалы шабуыл жасалды

Салахаддин уәлаятында ирандықтар мінген бір автобусты нысанаға алған бомбалы шабуылда 1 адам қаза тапты.

1138047
Ирандықтар мінген автобусқа Иракта бомбалы шабуыл жасалды

Ирактың солтүстігіндегі Салахаддин уәлаятында ирандықтар мінген бір автобусты нысанаға алған бомбалы шабуылда 1 адам қаза тапты.

Армияға қарасты Салахаддин операциялық қолбасшылығынан жүзбасы Саад Мұхаммед, Салахаддин уәлаятына қарасты Белед ауданында қасиетті тұлғалардың мазарларын зиярат мақсатты Иракқа барған ирандықтарды нысанаға алған бомбалы шабуылда 7 адамның да жарақат алғанын атап көрсетті.

Шабуылдың жауапкершілігін қазірше ешкім мойындамады. Салахаддин уәлаятында шиіттер қасиетті деп есептеген имамдары жерленген.

Ирандықтар мінген автобустар көбінесе ДАИШ-тік террористтердің бомбалы немесе жанкешті шабуылдарына ұшырауда.



Ұқсас жаңалықтар