Венесуэла мемлекеттік мұнай фирмасына санкция шешімі

АҚШ Венесуэладағы мемлекеттік мұнай фирмасын (Petroleos de Venezuela) санкция тізіміне алды.

1135164
Венесуэла мемлекеттік мұнай фирмасына санкция шешімі

Венесуэла президенті Николас Мадуроның заңдылығын қабылдамаған АҚШ әкімшілігі қазірге дейінгі ең маңызды экономикалық қадамды басып, Венесуэла мемлекеттік мұнай фирмасы PDVSA-ны (Petroleos de Venezuela) санкция тізіміне алуға шешім қабылдады.

Ақ Үй әкімшілігінде болып өткен баспасөз жиналысында Ақ Үй Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтон мен АҚШ Қазына министрі Стевен Мнучин аталмыш санкцияны жариялады.

Болтон Мадуроның өздері алдында енді заңдылығы қалмағанын және «уақытша президент» ретінде Хуан Гуаидоны танығанын атап көрсетті.

Венесуэлаға бағыттап әскери әдіс жоспарлап жоспарланмағаны жайлы бір сұраққа қайтарған жауабында Болтон «Венесуэла тақырыбында ықтималдардың барлығы үстелде» деді.

Сондай-ақ қазірге дейін 20-дан астам елдің Гуаидоны «Венесуэланың заңды басшысы» ретінде танығанын атап көрсеткен Болтон басқа елдерді де осы жолды таңдауға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар