Бразилиядағы кен бөгеті апатында қаза тапқандар саны 58-ге ұласты

Жұма күні кен бөгетінің жарылуы салдарынан жоғалғандар саны 305 деп жарияланды.

1134314
Бразилиядағы кен бөгеті апатында қаза тапқандар саны 58-ге ұласты

Бразилияда Тау-кен компаниясының қалдықтарын ұстап тұруға арналған кен бөгетінде болған апатта қаза тапқандар саны 58-ге ұласты.

Елдің оңтүстік батысындағы Минас-Жерайс штатына қарасты Брумадинхо қаласындағы кен бөгетінің жұма күні жарылуы салдарынан жоғалғандар саны 305 деп жарияланды.

Құтқару жұмыстары түнімен жалғасқан кен бөгетінде өрт сөндіру топтары бір автобусты тапты. Автобуста неше адам бар екені жайлы мағлұмат берілмеді.

Минас-Жерайс Азаматтық қорғаныс институты басшысы Фловио Годинхо «тірі қалғандардың жерлерін анықтап, оларды құтқаруға тырысамыз» деді.

Кен бөгетінің жарылуы салдарынан Брумадинхо қаласында шамамен 3 мың адамның эвакуацияланғаны білдірілді.

Кеншілік фирмасы «Vale SA»-ға тиесілі кен бөгетінің жұма күні құлауының артынан басталған іздеу құтқару жұмыстары аталмыш кен фирмасының жақындағы тағы кен бөгеттерінен біріне зиян келуі ықтималына орай үзіліс берілген еді.

Бөгеттің жұмысшылары түскі тамақтарын ішкен кезде құлағаны, құтқару топтарының балшық астындағы асханаға қазірше ұласпағаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар