Пәкістандағы жол апатында 24 адам қаза тапты

Пәкістанда жолаушы автобусы мен мұнай танкері соқтығысты.

1130431
Пәкістандағы жол апатында 24 адам қаза тапты

Пәкістанда жолаушы автобусы мен мұнай танкері соқтығысты. Жол апатында 24 адам қаза тапты.

Пәкістан баспасөзінде орын алған мағлұматтарға қарағанда елдің оңтүстігіндегі Сидх уәлаятында Карачи қаласынан Белуджистанның Панджур аймағына бара жатқан және 40 адам мінген жолаушы автобусы мұнай толы танкермен соқтығысты.

Жол апатында алғашқы мағлұматтарға қарағанда 24 адам қаза тапты, 5 ауыр 16 адам жарақат алды.

Аймақтағы ауруханалардың мүмкіншіліктері шектеулі болғандықтан жаралылар Карачидегі ауруханаларға апарылды.

Апаттың артынан мұнайдың тарауы салдарынан тағы 2 көліктің өртенгені хабарланды.

Оқиға орнына келген өрт сөндіру топтары әрі өртті сөндіруге, әрі жаралыларды құтқаруға тырысты.



Ұқсас жаңалықтар