Сары жейделілер Амстердам қала әкімінің үйінің алдында жиналды

Голландияда премьер-министр Марк Рютте пен үкіметтің саясаттары протест етілді.

1129279
Сары жейделілер Амстердам қала әкімінің үйінің алдында жиналды

Голландияда ‘сары жейделілер’ сегізінші рет әртүрлі қалаларда премьер-министр Марк Рютте және үкіметтің саясаттарын протест етті.

Сары жейделілер әлеуметтік медиа арқылы жасаған шақырулардың артынан араларында бас қала Амстердам, Гаага және Роттердам да бар 16 бөлек қалада жиналды.

Амстердамда Дам алаңында жиналған шамамен 100 сары жейделі қала орталықтарында шеруге шығып, Амстердам қала әкімі Фемке Халсеманың үйінің алдына келді.

Сыртқа шыққан Халсема сары жейделілердің шағымдары мен сұраныстарын тыңдады.

Ереуілшілер шеру кезінде «Сары жейделілер барша үшін көшеде сен де қосыл», «Голландияда жағдай қиын» және «Рютте құрып кет», «Бөлшектенуді тоқтат. Біріміз барша, баршамыз біреу үшін» деп жазылған плакаттар көтерді.



Ұқсас жаңалықтар