Түркия АҚШ-тан Патриот сатып алады

Патриот сатып алу критериялары: бағасы, уақыты, технологияның трансфері және ортақ өндіріс

1128754
Түркия АҚШ-тан Патриот сатып алады

Түркия Америка Құрама Штаттарынан Патриот Әуеден қорғаныс жүйелерін сатып алу критерияларының бағасы, уақыты, технологияның трансфері және ортақ өндіріс екенін жариялады. 

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Хами Аксой министрлікте ұйымдастырған баспасөз мәслихатында  күн тәртіртерге байланысты бағаландырулар жасады.

Америка Құрама Штаттарынан Патриот Әуеден қорғаныс жүйелерін сатып алу тақырыбындағы сұрақтарға да жауап берген Аксой Түркияның бір жылдың алдында сатып алу талабын жеткізгенін, Америка Құрама Штаттарының өз талаптарын енді ғана жеткізіп отырғанын баяндады. 

Мәлімдемеші Аксой "Біздің әуеден қорғаныс тақырыбында бір олқылығымыз бар. Сол себепті біз осы бостықты толтыру мақсатымен  Ресейден С-400 қорғаныс жүйелерін сатып алдық. Ол жұмыс аяқтады, нәтижеленді. Патриот алу талабымыз жалғасып келе жатқан еді. Америка Құрама Штаттарымен кездесулеріміз қазір осы аяда жалғасып жатыр" деп көрсетті. 

Патриот алуға байланысты Түркияның да критериялары болғанын білдірген Аксой:

"Патриот Әуеден қорғаныс жүйелерін сатып алу критерияларының бағасы, уақыты, ең маңыздысы да технологияның трансфері және ортақ өндіріс жасау. Тақырыпқа байланысты кездесулеріміз жалғасады" деді



Ұқсас жаңалықтар