Майк Пенс «ДАИШ-пен жалғасты күресеміз» деді.

АҚШ президент орынбасары Майк Пенс кеше мәлімдеме жасады.

1127303
Майк Пенс «ДАИШ-пен жалғасты күресеміз» деді.

Америка Құрама Штаттары президент орынбасары Майк Пенс кеше Манбиджке жасалған шабуылдан кейін мәлімдеме жасап, оқиғаны түсіндірді.

«Жасақтарымызды шегерудеміз. ДАИШ жеңіліске ұшырады» деді.

Сыртқы істер министрлігі тарапынан ұйымдастырылған бір іс-шарада  Пенс АҚШ-тың Сирияда ДАИШ-ке қарсы күресуіне байланысты мәлімдеме жасады.

Бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ның жаулауы астындағы Манбиджке жасаған шабуылдан кейін баяндама жасаған америкалық дипломаттарына үндеу тастаған Пенс «Жасақтарымызды шегерудеміз. ДАИШ жеңіліске ұшырады. Алайда ДАИШ-тің опасыздық бейнесін көрсетпеуіне кәміл сенуіміз үшін аймақта қаламыз. ДАИШ-пен жалғасты күресеміз. Әскерлеріміздің және коалиция ортақтарымыздың жеңістерін қорғаймыз» деген сөздер қолданды.

Кеше Манбиджте АҚШ әскерлерінің аймақтан шегінуі барысында бір жарылыс болған еді.


Этикеттер: #АҚШ , #ДАИШ , #Манбидж

Ұқсас жаңалықтар