Пашинянді елдің премьер-министрі етіп тағайындады

Никол Пашинян Армения премьер-министрі болып тағайындалды.

1125808
Пашинянді елдің премьер-министрі етіп тағайындады

Никол Пашинян Армения премьер-министрі болып тағайындалды.

Армения президенті Армен Саркисян дүйсенбіде, жаңа парламенттің бірінші күнгі отырысында үкімет басшысы міндетін уақытша атқарушы Никол Пашинянді елдің премьер-министрі етіп тағайындады.

Президенттің жарлығында«Конституцияны басшылыққа ала отырып, Никол Пашинян Армения Республикасының премьер-министрі болып тағайындалсын» - делінген.

Министрлер кабинеті премьер тағайындалғаннан кейін он бес күн ішінде құрылады. Бұдан кейін үкімет басшысы 20 күннің ішінде Ұлттық жиналысқа министрлер кабинетінің бағдарламасын ұсынуы тиіс.  

        

 



Ұқсас жаңалықтар