Катар мен Иордания Израильді айыптады

Катар мен Иордания Израиль Ауылшаруашылығы министрі мен 104 еврейдің Акса мешітіне басып кіруін айыптады.

1121221
Катар мен Иордания Израильді айыптады

Катар мен Иордания Израиль Ауылшаруашылығы министрі Ури Ариэль мен қасындағы делегация радикал көзқарастағы 104 еврейдің Израиль полициясының қорғауында Акса мешітіне басып кіруін айыптады.

Катар Сыртқы істер министрі Шейх Мұхаммед ибн-Абдуррахман Ал-Сани Twitter арқылы жасаған мәлімдемеде «Израильдің басқыншылығындағы Иерусалимде дағдарысты арттыратын бұзақылықтарды айыптаймыз» делінді.

Халықаралық қоғамға үн қатқан мәлімдемеде «Акса Мешітіне бағытталған осындай заңсыз және күнәкар әрекеттерді доғаруға шақырамыз» делінді.

Иордания Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Маджид әл-Кытарне болса жазбаша мәлімдемесінде Израильдің Акса мешітіне бағытталған бұзақылықтарын айыптап, мұның Мұсылмандардың сезімталдығына бағытталған бір провокация екенін атап көрсетті.

Акса мешітінің Израиль үкіметінің жауапкершілігінде екенін атап көрсеткен Кытарне Израильдің мұндай азғырушы әрекеттерді дереу тоқтатуын талап етті.

Басқыншылық астындағы Шығыс Иерусалимдегі Акса мешіті мұсылмандардың алғашқы қыбыласы болу ерекшелігіне ие.



Ұқсас жаңалықтар