Рефах шекара қақпасының бақылауы Хамасқа өтті

Палестина әкімшілігі шегінуге шешім қабылдаған Рефах шекара қақпасының бақылауы қайтадан Хамасқа өтті.

1120327
Рефах шекара қақпасының бақылауы Хамасқа өтті

Газа секторында Хамасқа қарасты Ішкі істер министрлігі Палестина әкімшілігі шегінуге шешім қабылдаған Рефах шекара қақпасында бақылауды қайтадан қолға алды.

Шекара қақпасындағы жергілікті ақпарат сөздерінің хабарына қарағанда Рефах шекара қақпасында Палестина әкімшілігі шешімінің артынан Хамас қақпалардың бақылауын қайтадан қолға алды.

Палестина мемлекет басшысы Махмуд Аббас билігіне қарасты Рамаллахтағы Палестина әкімшілігі кеше кешкі уақытта Газа секторының әлемге ашылған қақпасындағы міндетін тастау және шегінуге шешім қабылдағанын жариялаған болатын.

Газадағы көптеген саяси және қарулы топ осы шешімді қабылдамағандарын және қазіргі бөлшектенуді одан да күшейтетінін алға тартады.



Ұқсас жаңалықтар