Қызыл теңізде Сауд Арабиясы басшылығында әскери жаттығу басталды

Қызыл теңізге жағалауы бар Сауд Арабиясы, Иордания, Мысыр, Судан, Джибути және Йемен қатысқан «Қызыл толқын-1» деп аталған әскери жаттығу бастады.

1116208
Қызыл теңізде Сауд Арабиясы басшылығында әскери жаттығу басталды

Қызыл теңізге жағалауы бар Сауд Арабиясы, Иордания, Мысыр, Судан, Джибути және Йемен қатысқан «Қызыл толқын 1» деп аталған әскери жаттығу бастады.

Сауд Арабиясы ресми хабар агенттігі «SPA», бүгін Джидда қаласында басталған «Қызыл толқын-1» атты ортақ жаттығуға Сауд Арабиясына қоса Иордания, Мысыр, Судан, Джибути, Йемен және Сомалиден бақылаушылар қатысты.

SPA-ға мәлімдеме жасаған Сауд Арабиясы Батыс әскери теңіз флотының командирі Сакр әл-Харби, әскери жаттығудың 5 күнге жалғасатынын атап көрсетті.

Харби жаттығудың Қызыл теңізге жағалауы бар елдерде теңіз қауіпсіздігін күшейту, континенттік шельфтерді қорғау, әскери ынтымақтастықты нығайтып, соғыс қабілетін арттыруды нысанаға алғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар