Түркия Мысырда болған шабуылды айыптады

Каирде болған террорлық шабуылда 2 адам қаза тапты,12 адам жараланды

1115808
Түркия Мысырда болған шабуылды айыптады

Түркия Мысырдың астанасы Каирде ұйымдастырылған бомбалы шабуылды айыптады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Каирде ұйымдастырылған және туристерді тасыған автобусты нысанаға алған бомбалы шабуыл салдарынан қаза тапқандар мен ауыр жараланғандар болғанын естіп, қайғырғандары  білдірілді.

Мәлімдемеде  "Мұндай террорлық шабуылдарды айыптаймыз, бомбалы шабуылда қаза тапқандардың отбасындағыларға көңіл айтамыз және жарақат алғандарға шұғыл шипа тілейміз" делінді.

Мысырдың астанасы Каир қаласының батысында бір турист автобусын нысанаға алған бомбалы шабуылда алғашқы санаққа қарағанда 2 адам қаза тапқан және 12 адам да жараланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар