Владимир Путин Никол Пашинянмен кездесті

Ресей Армениямен байланыстарын дамытуды қалайды

1115346
Владимир Путин Никол Пашинянмен кездесті
pasinyan-putin1.jpg

Ресей президенті Владимир Путин Армениямен қауіпсіздік және экономика салаларындағы ынтымақтастықты артыруды қалайтынын білдірді.

Президент Путин Арменияның уақыттық Преммьер-министрі Никол Пашинянмен астана Мәскеуде өткізген кездесуінің ақпаратқа ашық бөлімінде екі елдің қарым-қатынастарын бағаландырды.

Ресей мен Арменияның терең одақтастық байланысында екенін білдірген Путин "Ресей Арменияның ең үлкен сауда ортағы. Екі жақтылы сауда мөлшеріміз өткен жылы 30 пайыз артты. Бұл жалғастыруға татыйтын бір ерекшелік" деп көрсетті.

Путин Армениямен көптеген саладағы ынтымақтастықты дамытуды қалайтындарын тілге тиек етті.

Путин "Экономикамен қоса, мысалы, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты да арттырғымыз келеді. Ресей мұның іске асуы үшін қолынан келгенді істеуге дайын" деді.

Пашинян Ресейге ең көп зиярат жасаған басшылардың бірі екеніне меңзей отырып,  "Бұл жағдай елдеріміз арасындағы ерекше стратегиялық ортақтықты көрсетеді. Қарым-қатынастарымыздағы осы ерекшеліктің жалғасатынына сенемін" деп көрсетті.

Арменияда жақынғы кезеңде Парламент сайлауы өткенін ескерткен Пашинян "Жаңадан сайланған Парламентіміз де қарым-қатынастарымыздың дамуына есе қосады" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар