«Саудтарға берген қаруларымен АҚШ Йеменде қолтаңба қалдырды»

Нью-Йорк Таймс газеті Сауд Арабиясы басшылығындағы коалицияға АҚШ-тың берген қаруларымен қолтаңба қалдырғанын жазды.

1114290
«Саудтарға берген қаруларымен АҚШ Йеменде қолтаңба қалдырды»

Нью-Йорк Таймс газеті АҚШ-тың Йеменде Сауд Арабиясы басшылығындағы коалицияның әуе шабуылдары рапорттарына қол жеткізу мүмкіншілігі бар екенін және саудтардың АҚШ берген дұрыс нысаналар жайлы ұсыныстарды елемегенін жазды.

Газет бұрын және қазір қызмет атқарған 10 шақты АҚШ-тық лауазымдыға сілтеп, «Саудтарға қару саудасы Йемендегі қырғындарға АҚШ-тың қолтаңбасын қалдырды» тақырыпты хабар жариялады.

Хабарда «4 мың 600-ден астам жазықсыз адамның қаза табуына себеп болған әуе шабуылдары жасалған Йемендегі әуе соғыстарына АҚШ қолтаңба қалдырды» делінді.

АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон) және Сыртқы істер министрлігінің ішкі соғыс аясында той-думандарды, мешіттерді және жаназа рәсімдеріне жасалған әуе шабуылдарында АҚШ өндірген бомбалар қолданылғаны жайлы мағлұматтар алға тартылғанына назар аударды.

Хабарда саудтардың АҚШ-тың әуе шабуылдарын зерттеуге бағытталған бастамаларын жасырғаны және көптеген шабуыл жасалмауға тиісті жерлер тізімін елемегендерін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар