Иран әскери жаттығу өткізіп жатыр

Иран армиясы Басра Шығанағында әскери жаттығуды бастады

1111666
Иран әскери жаттығу өткізіп жатыр

 

Иран Төңкеріс қорғаушылары армиясы Басра Шығанағында әскери жаттығу жасай бастады.

Иранның мемлекеттік телеарнасы Төңкеріс қорғаушылары армиясы Құрлық күштерінің Басра Шығанағында "Ұлы Пайғамбар 12" аталған кең көлемді бір әскери жаттығуды бастағанын хабарлады.

Халықаралық мұнайдың өткелі үшін өміршеңдік маңызға ие  Хурмуз Шығанағының маңында жасалып жатқан әскери жаттығуда "Иранның қорғаныс ғылымы аясында тұңғыш рет шабуыл операцияларының сыналатыны" білдірілді.

Әскери жаттығуға шабуыл және логистикалық тікұшақтар мен адамсыз әуе көліктері және командир жасақтары қатысатыны атап көрсетілді.

Америка Құрама Штаттары теңіз армиясына қарасты УСС Джон К. Стеннис ұшақ кемесі де кеше Басра Шығанағына кірген болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар