АҚШ ДАИШ-ке қарсы операцияларын да тоқтатуы мүмкін

АҚШ-тың ДАИШ-ке бағытталған операцияларын да тоқтататыны алға тартылды.

1110891
АҚШ ДАИШ-ке қарсы операцияларын да тоқтатуы мүмкін

АҚШ-тың ДАИШ-ке бағытталған операцияларын да тоқтататыны алға тартылды.

Америка Құрама Штаттарының Сириядан әскерлерін шегеруі шешімімен қатар террор ұйымы ДАИШ-ке бағытталған операцияларын да тоқтататыны алға тартылды.

Reuters хабар агенттігіне мәлімдеме жасаған америкалық бір жоғарғы лауазым иесі президент Дональд Трамптың Сирия шешіміне байланысты мәлімдеме жасады.

АҚШ-тың Сирияда әуе операцияларын тоқтататынын баяндаған лауазым иесі «Трамптың әскерлерді шегеру шешімі әуе операциялардың да тоқтатылуы мағынасын білдіруде» деді.

Осы тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап беруден тартынған АҚШ Қорғаныс министрлігі шегеру процесі жөнінде қазір жаңа бір мәлімдеме жасамайтынын білдірді.

АҚШ президенті Дональд Трамп алдыңғы күні жасаған мәлімдемесінде «Сирияда болуымыздың жалғыз себебі болған ДАИШ-ті жеңдік» деген еді.  

Ақ Үй мәлімдемешісі Сарах Сандерс те «ДАИШ-пен күресудің жаңа бір сатысына кірумен бірге АҚШ әскерлерін Сириядан шегере бастадық» деген сөздер қолданған.


Этикеттер: #АҚШ , #Сирия , #Ақ Үй

Ұқсас жаңалықтар