Израиль полициясы тағы палестиналық бір жасты шәйіт етті

Израиль күштері Иерусалимде пышақпен шабуылдағанын алға тартқан палестиналық бір жасты шәйіт етті.

1106113
Израиль полициясы тағы палестиналық бір жасты шәйіт етті

Израиль полициясы мәлімдемешісі Микий Росенфельд куәлігі белгісіз бір адамның Иерусалимнің Ескі қала аймағында бір учаскеге «пышақпен шабуылдағанын» алға тартып, полиция күштерінің аталмыш жасты атып өлтіргенін жариялады.

Росенфельд оқиғада екі Израиль полициясының да жарақат алғанын атап көрсетті.

Израиль күштері «пышақпен шабуылдау» немесе «көлікпен басып кетуге әрекет жасау» қауесетімен палестиналықтарға бағытталған заңсыз қимылдарын арттырғаны себепті палестиналықтарды сотсыз жазалау не болмаса өлтіру қылмысы жасайды.



Ұқсас жаңалықтар