Израиль күштері Иерусалим Университетіне басып кірді

Басқыншылық астындағы Шығыс Иерусалимде орналасқан Иерусалим Университетіне Израиль күштері басып кірді.

1105926
Израиль күштері Иерусалим Университетіне басып кірді

Палестина баспасөзінде орын алған хабарға қарағанда Израиль күштері Шығыс Иерусалимге қарасты Әбу Дис ауданындағы Иерусалим Университетінің факультеттеріне кіріп іздеу жасады.

Басып кіру барысында кейбір офистерге зиян келтірген Израиль күштері университеттің қауіпсіздің камераларындағы бейне көріністерді де алып кетті.

Израиль күштерінің басқынына наразылық көрсеткен студенттерді тарқату үшін пластикалық оқ пен көз жасаурататын газ қолданылып, көптеген студенттің газдың салдарынан науқастанғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар