Шығынақ ынтымақтастық кеңесі саммиті аяқталды

Эр-Риядта ұйымдастырылған 39-шы Шығанақ ынтымақтастық кеңесі ШЫК саммиті аяқталды.

1103538
Шығынақ ынтымақтастық кеңесі  саммиті аяқталды

 

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта ұйымдастырылған 39-шы Шығанақ ынтымақтастық кеңесі ШЫК  саммиті аяқталды.

Шығынақ ынтымақтастық кеңесі мүшелері 2025 жылына дейін экономикалық ынтымақтастықтың жүзеге асырылуы үшін ортақ Шығанақ нарығының алдындағы барлық кедергілердің жойылуын және Біріккен Шығанақ әскери қолбасшылығының құрылуы үшін құжаттардың  тамамдалуын талап етті.  

Бас хатшы Абдуллатиф эз-Зеяни тарапынан оқылған қорытынды хаттама бойынша мүше елдер ШЫК-сіне  тәуелді болады.

Хаттамада аймақтағы мәселелермен күресуде ШЫК-нің маңызы, күші және мүшелердің береке-бірлік тақырыбындағы ынтасы түсіндірілді.

Хаттамада ШЫК-нің халықаралық ұйымдарымен бірлесе отырып террорге қарсы  күресудің табанды түрде жалғасуы атап өтілді. Сонымен қатар аймақтық және халықаралық қақтығыстардан аулақ тұру үшін мүше елдердің ортақ сыртқы саясатының белгіленуінің өте маңызды екені баяндалды.

Хаттамада Палестинаға қолдау көрсетілуінің және Йеменге жәрдемдерінің жалғасатыны білдірілді.

                                                                 



Ұқсас жаңалықтар