Шатт-ул Араб суының ластануы салдарынан 114 мың адам уланды

Иракта Тигр мен Евфрат өзендері тоғысқан Шатт-ул Араб суының адам денсаулығына қауіп төндіретін деңгейде ластанғаны ескертілді.

1103641
Шатт-ул Араб суының ластануы салдарынан 114 мың адам уланды

Басра губернатор орынбасары Заграм әл-Аджуди ұйымдастырған баспасөз жиналысында егжей-тегжейлі лабораториялық сараптаманың артынан Шатт-ул Араб суының әртүрлі себептерден ластанғанын білдірді.

Аджуди суда әртүрлі зиянды бактерия, тыңайтқыш, құбыжық уы, химиялық материалдар мен қалдықтар, өнеркәсіп және мұнай өнімі материалдар табылғанын тілге тиек етіп,  тазартудың онша оңай болмайтынын атап көрсетті.

Су қолданылған жағдайда үлкен зияндар бере алатынына назар аударған Аджуди әсіресе судағы кадмий, қорғасын және сульфат материалдары мөлшерінің жоғары екенін мәлімдеді.

Ирак Мәжілісі құрамындағы Адам құқықтары комиссиясының Басра бөлімшесі 20 қазан күнгі мәлімдемесінде уәлаятта таза ауыз суында байқалған ластану салдарынан уланған адамдар санының 114 мыңға ұласқаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар