АҚШ пен Қытайдың салық саласындағы соғысы аяқталды

Қытай мен АҚШ жаңа сауда келісімін жасауға уағдаласты.

1099236
АҚШ пен Қытайдың салық саласындағы соғысы аяқталды

Қытай мен АҚШ жаңа сауда келісімін жасауға уағдаласты.

Аргентинада өткен Үлкен жиырмалық елдері лидерлер саммиті аясында АҚШ және Қытай басшылары Дональд Трамп пен Си Цзиньпин 90 күн ішінде жаңа сауда келісімін жасауға уағдаласты.

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдың жалпы құны 200 миллиард АҚШ долларына дейінгі өнімдеріне қойылатын тарифті 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 10 проценттен 25 процентке дейін арттырмауға келісті.

АҚШ президент Твиттер  арқылы жасаған мәлімдемесінде Пекин әкімшілігінің Америкаға тиесілі автомобильдерге бағытталған салық шараларын өзгертетінін білдірді.

Трамп «Қытай АҚШ-тан келген  автомобильдерге жасалатын салықтың күшінен қалдыруды қабылдады» деген сөздер қолданды.  

Трамп пен Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпин Үлкен жиырмалық елдері лидерлер саммиті аясында өткізген кездесуде елдер арасында бірталай уақыттан бері жалғасқан сауда соғысының ушығуын тоқтатуы жөнінде уағдаласты.

Трамп пен Цзиньпин америкалық технологиялар, кибершабуылдар және кибертонаушылық салаларындағы проблемаларды шешу үшін келіссөздерді бастауға келісті.

Еске сала кетейік, биыл Вашингтон мен Бейжің арасында «сауда соғысы» басталған болатын. АҚШ Қытайдан импортталатын, жалпы құны 200 миллиард АҚШ долларын құрайтын тауарларға 10% мөлшерінде кедендік баж енгізген. Қытай да бұған жауап ретінде бірнеше шаралар қарастырған болатын. 

        

 


Этикеттер: #Қытай , #АҚШ , #сауда

Ұқсас жаңалықтар