Үлкен 20 тобы  лидерлер саммиті басталды

Саммитке Түркия атынан президент Режеп Тайып Ердоған қатысты.

1098384
Үлкен 20 тобы  лидерлер саммиті басталды

Аргентинаның  астанасы Буэнос-Айресте екі күн жалғасатын Үлкен 20 тобы лидерлер саммиті басталды.

Саммитке Түркия атынан президент Режеп Тайып Ердоған қатысты.

Саммиттің кезекті төрағасы және Аргентина президенті Маурисио Макри келген қонақтарды қарсы алды.

Қарсы алу рәсімінен кейін лидерлер баспасөзге жабық өткізілген «Әділ және жалғастыруға болатын болашақ» атты жиналысқа қатысты.

Жиналыстан кейін Макри лидерлермен бірге суретке түсті.

Жиналыс Макринің беташар сөзімен басталды. Саммиттің бірінші сессиясы «Адамдарды бірінші орынға қою, жаһандық экономика, жұмыс тұрмыстың болашағы және әйелдің күшеюі» атты тақырыпта өтті.



Ұқсас жаңалықтар