Хоок Иран жөнінде мәлімдеме жасады

Хоок Иранның АҚШ-тың аймақтағы мүдделеріне шабуыл жасаған жағдайда әскери тойтарыс беретінін айтты.

1097720
Хоок Иран жөнінде мәлімдеме жасады

Америка Құрама Штаттарының Иран арнайы өкілі Браиан Хоок Иранның АҚШ-тың аймақтағы мүдделеріне шабуыл жасаған жағдайда әскери тойтарыс беруде екіұдай болмайтындарын айтты.

Браиан Хоок Вашингтонда ұйымдастырылған «Иран режимінің өкіл топтарына қару жағынан қолдау жасауы және жалғасып жатқан зымыран дамытуы» атты сессияда Иранның аймақтағы жұмыстарын талқылады.

Хоок Иран атынан соғысқан топтардың Йемен, Ауғанстан, Ирак және Сауд Арабиясында Иранға тиесілі қорулардың қолданылғанының анықталғанын білдіріп, Иранның қаупінің артқанын түсіндірді.

Хоок «Иран АҚШ-тың аймақтағы мүдделеріне шабуыл жасаған жағдайда әскери тойтарыс беруде екіұдай болмаймыз» деді.


Этикеттер: #АҚШ , #Иран , #Ауғанстан

Ұқсас жаңалықтар