АҚШ-та шыққан өртте 6 адам мерт болды

АҚШ-та бір үй өртеніп, 6 адам қаза тапты

1097397
АҚШ-та шыққан өртте 6 адам мерт болды

 

Америка Құрама Штаттарының Индиана штатындағы бір үйде шыққан өртте арасында балалар да бар 6 адам қаза тапты.

Индиана штаты полициясы Тони Слоком Индиаполис қалашығына 115 километр алыстықтағы таулы аймақта орналасқан бір үйде шыққан өрт апатының қалдықтарынан 4 баланы қамтыған 6 адамның мәйіті шығарылғанын айтты.

Полиция басшысы Ранди Приор Логанспорт аймағы маңына орналасқан үйде шыққан өрттен қашып құтылған екі үлкен адамның емхаға апарылғанын білдірді.

Полиция басшысы Ранди Приор өрт апатында мерт болған, арасында бір сәби де бар 4 баланың 10 жастан төменгі балалар екенін мөлшерлегендерін айтты.

Өрт сөндіру ұйымының басшысы Криспен өрт сөндірушілер үйдің жанына барған кезде екі қабатты үйдің қызыл жалын ішінде қалғанын және өрттен үйдің төбесі құлағанын білдірді.

 

 


Этикеттер: #АҚШ , #өрт , #апат

Ұқсас жаңалықтар